Апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Kazinform агенттігі өтіп бара жатқан апта ішінде болған кадрлық ауыс-түйістің ең маңызды дегендеріне шолу ұсынады.

Фото: Kazinform

Бұл аптада Президент өкімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрғасының екі бірдей орынбасары тағайындалды. Оның бірі – Ұлан Сарқұлов, екіншісі – Мақсат Жебегенов. 

Ұлан Серікұлы Сарқұлов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалуына байланысты бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ұлан Сарқұлов 1980 жылы туған.

2002 жылы Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің академиясын – «заңгер», 2008 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

2004-2006 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің атташесі және үшінші хатшысы қызметтерін атқарды.

2006 – 2011 жылдар аралығында Ақтау қаласы әкімі аппаратында, Маңғыстау облысы әкімі аппаратында жұмыс істеді.

2013-2015 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, Парламент Аппаратының шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2015 – 2017 жылдары «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесін басқарды, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы 21 сәуірден осы тағайындауға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары болды.

Мақсат Жебегенов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген

2002-2022 жылдар кезеңінде ұлттық қауіпсіздік органдарында, оның ішінде Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

2022 жылғы 24 мамыр мен 28 шілде аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

2022 жылғы 28 шілдеден осы тағайындауға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы болды.

Осы аптада Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппараты жасақтала бастады. Нақты айтсақ, әуелі Дәурен Қазантаев ведомствоның аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

Дәурен Қазантаев 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке құрылымдарда инвестиция және корпоративтік бизнес бойынша талдаушы болып бастаған.

2007-2010 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрылымында жетекші маманның міндетін атқарушы, сарапшы.

2010-2016 жылдары Жамбыл және Павлодар облыстары әкімдіктерінің құрылымдарында қызмет еткен.

2016-2020 жылдары – ҚР энергетика министрінің кеңесшісі.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қаласы табиғат қорғау департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Сонымен бірге Ерболат Ибрайханов Қазақстан Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды. Ол тарифтік саясат пен құрылыс мәселелеріне жетекшілік етпек.

Ерболат Ибрайханов 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Nottingham университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бас экономисі болып бастаған.

2004 ж. – ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылымдарында жетекші маманның м.а., жетекші маман.

2005-2008 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымындағы бөлімде бас маман.

2008-2011 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымдарында бас сарапшы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, өңіраралық инспекциялар бастығы, инспекция бастығы болып жұмыс істеді.

2010-2016 жылдары – ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Тергеу департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары – Алматы қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы басшысы орынбасарының м.а., орынбасары.

2018-2019 жылдары – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының м.а.

2019 жылы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

2019-2022 жылдары – ҚР ЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Үкімет қаулысымен Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. 

Азат Сұлтанов 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік компанияда заңгер болып бастаған.

2007-2010 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Заң басқармасының жетекші маманы, сарапшысы.

2010 жылы ҚР АШМ АӨК Инновациялық саясат және жоғары білім басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары – ҚР ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі.

2012-2014 жылдары – ҚР АШМ Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары.

2014-2015 жылдары – ҚР АШМ Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары, директоры.

2015-2016 жылдары – ҚР АШМ Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің директоры.

2016-2017 жылдары – ҚР АШМ Тамақ қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары.

2017-2018 жылдары – ҚР АШМ Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментінің директоры.

2018-2021 жылдары – ҚР АШМ Егіншілік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры.

2021 жылдан 2023 жылға дейін ҚР АШМ Егіншілік шаруашылығы департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ұлттық экономика министрлігінде де тағайындау тіркелді. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры болып Маханбет Мыңбаев тағайындалды. 

Маханбет Бақытжанұлы Мыңбаев 1990 жылы дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін 2012 жылы бітірді. Сондай-ақ Тұран-Астана университетінде білім алған.

Еңбек жолын Астана қаласы Кәсіподақтар кеңесінің маманы болып бастады.

2013-2014 ж.ж. - «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында консультант болып істеді.

2014-2015 ж.ж. - ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Бақылау-қадағалау қызметін жоспарлау және ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті заң қызметі басқармасының сарапшысы.

2015-2018 ж.ж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Заң департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2018-2020 ж.ж. - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментінің Құқықтық сараптама басқармасының басшысы.

2020-2023 ж.ж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің Реттеушілік саясат басқармасының басшысы, Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары.

Ал Абай облысыныда әкімнің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл қызмет Шалқар Байбекке сеніп тапсырылып отыр.

Шалқар Заманбекұлы 1967 жылы қазіргі Абай облысы Абай ауданында дүниеге келген.

1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару Академиясында «экономист» мамандығын, кейін Қазақстан мемлекеттік заң Академиясын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы бұрынғы Семей облысы Жаңасемей аудандық Мемлекеттік сақтандыру инспекциясының аға инспекторы болып бастады.

1988-1999 жылдары Семей қаласы және Семей облысы бойынша салық инспекциясының бас мемлекеттік инспекторы, бөлім бастығы, Салық инспекциясының бірінші орынбасары, 1999-2014 жылдары Павлодар қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Астана қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болды.

2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарған.

2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

2022 жылдың шілде айында Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

Апта соңында Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Нұргүл Шәмшиева тағайындалды.

Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі - орыс тілі мен әдебиеті, психология, менеджмент.

Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Оқу-ағарту министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімдері және облыс әкімінің өкіміне сәйкес Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы лауазымына Асқарбек Есжанов тағайындалды. 

Асқарбек Темірбекұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда экология және құқық колледжінің оқытушысы болып бастаған.

Әр жылдары облыстық мәдениет басқармасында, облыстық білім департаменті мен соттар әкімшісінде түрлі жауапты лауазымдар атқарған.

2007-2010 жылдары Қызылорда қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бастығы болған.

2010-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін орындады.

2015-2020 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімі, Қызылорда қалалық мәслихат аппараты, Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерінде еңбек етті.

2020-2022 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.

2022 жылдың сәуір айынан Жалағаш ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысындағы аудандардың бірінде әкім ауысты. Жалағаш ауданының әкімі қызметіне Ардақ Ибраимов келді. 

Ардақ Әбдіғаппарұлы 1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай мен газ кен орындарын игеру», «Болашақ» университетін «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», Қызылорда гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Казгермұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде инженердің көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары мұнай және құрылыс компанияларында қарапайым жұмысшыдан басшылық лауазымдарда қызметте болған.

2019-2020 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі болып еңбек етті.

2020-2022 жылдары Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінің әкімі, 2022-2023 жылдары Қызылорда облысы әкімдігі іс басқармасының директоры болды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі қызметіне Бота Елеусізова тағайындалғаны қызу талқыланды. 

Бота Елеусізова 1975 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар: Мемлекеттік қазақ ауыл шаруашылығы және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын тәмамдаған.

Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, бас маманы, Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасары, Түрген ауылдық округінің әкімі болды.

Кеген ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдан бастап Алматы облысының ішкі саясат басқармасын басқарды.

Журналист Нұрбек Әмиша «Qyzylorda» телеарнасының директоры болып тағайындалды. 

Н.Әмиша бұған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін, Ұлыбританияның University of Leeds оқу орнын тәмамдаған.

Саладағы қызметін аймақтық басылымдарда тілшіліктен бастап, 2007-2009 жылдары «Айқын» республикалық газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 2009-2011 жылдары «Qyzylorda» телеарнасының редакторы, 10 жылға жуық уақыт «Хабар» агенттігінде редактор, продюсер және бас редактор болып еңбек етті.