Апта ішінде елімізде болған кадрлық тағайындаулар
Kazinform агенттігі 11-19 қараша аралығында елімізде болған кадрлық ауыс-түйістерге шолу ұсынады.
Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айдос Какашаұлы 1974 жылы 11 наурызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы: заңгер.
1996 жылдың қараша айынан бастап 1997 жылдың қазан айына дейін Қарулы Күштер қатарында болған.
1998 жылдың 9 сәуірінен бастап Ақмола қаласы ІІБ Шығыс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше инспекторы.
2001 жылдың 29 қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІБ Алматы ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі.
2003 жылдың 13 наурызынан бастап Астана қаласы ҚІІБ Алматы ауданы ІІБ тонау және қарақшылықты ашу бөлімшесінің жедел уәкілі.
2003 жылдың 7 тамызында Астана қаласы ҚІІБ Алматы ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі.
2005 жылдың 30 маусымынан бастап Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы.
2008 жылдың 24 шілдесінен бастап Астана қаласы ІІД Алматы АІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары.
2010 жылдың 01 қарашасынан бастап Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы.
2012 жылдың 26 қаңтарынан бастап Астана қаласы Ішкі істер департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары.
2014 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.
2016 жылдың 13 қаңтарынан бастап Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы полиция басқармасының бастығы.
2019 жылдың 5 маусымынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2022 жылдың мамыр айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы болды.
Мақсат Тұрлыбаев Ұлттық статистика бюросына басшы болып тағайындалды.
Мақсат Қайратұлы 1987 жылы туған. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.
2010-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.
2016-2020 жж. – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2020-2021 жж. – Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.
2021 жылдан осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.
Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.
Мемлекет басшысының өкімімен «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшылар тағайындалды.
Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына бекітілсе, Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
Жеңіс Мұхамедқалиұлы бұған дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болған еді.
Сондай-ақ, Мереке Мәтімұлы Көшекбаев та «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Өтіп бара жатқан аптада жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Көлік министрлігінде, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде комитет басшылары тағайындалды.
Атап айтсақ, Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Арсен Арманұлы Жақанбаев Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Арсен Арманұлы 1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2010 жылы «Аймақтық-гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» мемлекеттік мекемесінде маман болып бастаған.
2012-2013 жылдары – «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалында инженер-жобалаушы.
2013-2014 жылдары – Қарағанды қ. «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РМК-де жетекші маман.
2014-2017 жылдары – ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (кейіннен Ауыл шаруашылығы министрлігі) Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы.
2017-2018 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және МЖӘ дамыту департаменті басқармасының бас сарапшысы.
2018 жылы – ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің топтық су құбырларын дамыту басқармасының басшысы.
2019 жылы – ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы.
2020-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасы басшысы.
2021-2023 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры.
2023 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаментінің директоры болды.
Көлік министрлігінің үш комитетіне жаңа басшылар тағайындалды.
Көлік министрінің бұйрығымен Төлеген Абдуллин Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Төлеген Тұрсынұлы 1982 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақавтожол» РМК Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-62 автожол көпірінің шебері болып бастады.
2005-2011 жылдары «Қазақавтожол» РМК Павлодар филиалында түрлі қызметтерді атқарған.
2011-2014 жылдары — «Қазақавтожол» РМК Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Ақмола облыстық филиалының директоры.
2014-2019 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.
2019-2021 жылдары — ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасы орынбасарының м. а., орынбасары.
2021 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков – Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы.
1979 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001 жылы жеке меншік теміржол компаниясында бастаған.
2001-2006 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» құрылымында жұмыс істеді.
2006-2016 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2016-2019 жылдары – «Атамекен» ҰКП сарапшы, департамент директорының орынбасары.
2019-2021 жылдары – Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.
2021-2023 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары.
2023 жылдың маусым айынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Алтай Әлі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетін басқарады.
Алтай Сембекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
2010-2011 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында менеджер.
2014-2015 жылдары – Астана қалалық сотының бас маманы.
2015-2018 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, аппараты басшысының орынбасары — хатшылық меңгерушісі.
2019-2020 жылдары – Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
2021-2023 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары.
2023 жылдың мамыр айынан бастап ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Азамат Панбаев Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Азамат Серікұлы 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің іс жүргізушісі болып бастаған.
2009-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтерді атқарды.
2016-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде консультант болып жұмыс істеді.
2019-2022 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры.
2022-2023 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы болды.
Өңірлерге келсек, Арсен Тезекбаев Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Арсен Боранбайұлы 2009-2023 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2023 жылы – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері және осы жылдың тамыз айынан бастап «Фридом Телеком» ЖШС корпоративтік қауіпсіздік қызметінің басшысы болған.
Ақтөбе облысы Ветеринария басқармасының басшысы қызметіне Айбек Сембай тағайындалды.
Ол 1971 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген.
1994 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық университетін, 2020 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Шалқар ауданында қарапайым мал дәрігерінен бастап, Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы, Шалқар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде жетекші маман, Шалқар аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Шалқар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болды.
Сондай-ақ, апта соңында журналист Нұртас Солтанұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды.
Н.Солтанұлы 2019 жылдан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Altai» телеарнасын басқарды.
2006-2011 жылдар аралығында Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі, 2011-2019 жылдары «Qazaqstan» телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі болды.