Апта соңында Астанада ауа райы жауын-шашынды болады

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Астанада апта бойы күн суық болып, жауын-шашын жауды. Алдағы уақытта да суық күн райы сақталады. Түнде ауа температурасы -5-0°C, күндіз +1+6°C болады. Бұл туралы аstana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

«Бейсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынды болады, қар жауады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 1 3°C болуы ықтимал», - деп хабарлады astana.kz сайтына Қазгидрометтен.

Апта соңында (жұма) күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -3-5°C, күндіз 2 4°C. Сенбі күні

Синоптиктердің болжамынша, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-2°C, күндіз 4 6°C болады.