Апта соңында елордада ауа райы жауын-шашынды болады

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Осы аптада ауа райы құбылмалы болады. Жылы күндер жаңбырлы, суық күндермен алмасады. Жұмыс аптасының соңында күн жауын-шашынды, түнде ауа температурасы -2+4°C, күндіз +1+12°C болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

«Бейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, алдағы күндері жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 2 4°C, күндіз 10 12°C болады», - деп хабарлады astana.kz.

Апта соңында (жұма күні) күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 0 2°C, күндіз 7 9°C болады.

Синоптиктердің болжамынша, сенбі күні күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Батыстан 7-12 м/с жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 0-2°C, күндіз 1 3°C болады.