Алматы облысы әкімінің өкімімен Айдын Бегімбеков облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Айдын Бегімбеков 1990 жылы Жетісу облысы Панфилов ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, 2012 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2014 жылы Орталық Азия университетін «құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Корпорация Аркада» ЖШС директорының орынбасары болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласы құрылыс басқармасының әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімінің бас маманы, басшысы, Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының әлеуметтік нысандардың күрделі құрылысы бөлімінің басшысы, Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары, Абай облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.
Әлібек Әлденей Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Әлденей Әлібек Үсенұлы 1984 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
Үш жоғары білімі бар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін саясаттанушы мамандығы бойынша, Қарағанды қаржы институтын қаржыгер мамандығы бойынша, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитеті БАҚ департаментінің БАҚ мониторингі бөлімінің жетекші маманы болып бастады. 2006-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2010 жылдан 2013 жылға дейін «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ маркетинг саясаты жөніндегі бас менеджері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жоба бөлімінің менеджері, ақпараттық-талдау бөлімінің бас менеджері болды.
2015 жылы «Оңтүстік астана» телерадиокомпаниясы» АҚ бас директоры болып тағайындалды. 2019 жылдан бастап АМАНАТ партиясының Астана қаласы бойынша хатшысы, 2023 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер, ішкі саясат және әлеуметтік даму жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Облыс әкімінің орынбасары ретінде Қарағанды облысының білім, ішкі саясат, тілдерді дамыту, жастар саясаты, дін істері, мәдениет және спорт мәселелерін қадағалады.
Гаухар Тасбергенова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Гаухар Тасбергенова – белгілі қазақстандық пианист, концертмейстер, арт-менеджер халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол К.Байсейітова атындағы мектепті бітірген, PhD in Art-management докторы.
Гаухар Тасбергенова әр жылдары халықаралық жобаларға қатысқан, атап айтқанда, Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қатысуымен «Париж-Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін», А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай» (қоюшы-режиссер Джанкарло дель Монако), Е. Брусиловский «Қыз Жібек» (қоюшы-режиссер Михаил Панджавидзе), сондай-ақ ол опералық спектакльдерді сүйемелдейтін бас пианист-концертмейстер. Мәдениет саласындағы көптеген жобаларды әзіреп, оны жүзеге асырған.
Сонымен қатар Гаухар Тасбергенова – Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ардақ Амангелдіұлы Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол 1975 жылы дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ Ли Куан Ю атындағы мектеп пен Д.Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің бірлескен шеберлік бағдарламасын (мемлекеттік басқару бойынша магистр) оқыған.
Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облыстық қаржы басқармасының бас маманы болып бастады. Әртүрлі жылдары Қаржы министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Денсаулық министрлігінде, «Қазына» тұрақты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Ұлттық банкте, Премьер-Министрдің кеңсесінде және ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет етті.
2016-2023 жылдар аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығында басқарушы кеңесшісі, АХҚО басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Аталған министрлікте стратегия, экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді.