МОМО
Жанры: шытырман оқиға, қиял-ғажайып, отбасы
Ұзақтығы: 91 минут
Ел: Германия, 2026
Режиссер: Кристиан Диттер
Отбасылық фэнтези-блокбастер «Момо» – Михаэль Энденің аттас романының экранға бейімделген нұсқасы.
Кішкентай жетім қыз Момоның ерекше қабілеті бар. Ол адамдарға шабыт беріп, олардың бойындағы ең жақсы қасиеттерді оята алады. Бір күні Момо өз қаласында уақытты тиімді жұмсауды үйрететін жұмбақ «сұр мырзалардың» пайда болғанын байқайды. Бірақ соның салдарынан адамдар барған сайын бақытсыз бола түседі. Өйткені өнімділікке ұмтыламыз деп, олар өмірін босқа өткізіп жатыр.
Енді Момо қаланы уақыт ұрыларынан құтқарып, тұрғындарға жоғалтқан қуанышын қалай қайтаруға болатынын түсінгісі келеді. Ол үшін қыз Уақыт сақшысы мен болашақты болжайтын тасбақамен күш біріктіреді.
ҮШІНШІ ҚАБАТТАҒЫ ҚЫЛМЫС (Преступление на третьем этаже)
Жанры: драма, комедия
Ұзақтығы: 104 минут
Ел: Франция, 2026
Режиссер: Реми Безансон
Реми Безансонның комедиялық драмасы қызықты детективтер жазатын Франсуа есімді ер адам туралы. Ал оның жұбайы Колетт студенттерге Хичкок кинематографиясын оқытады. Бірақ ол өміріне өткір сезімдер жетіспейтінін сезінеді.
Колетт көршісін әйелін өлтірді деп күдіктене бастағаннан кейін олардың қалыпты өмірі күрт өзгереді.
ШЫНДЫҚТЫҢ АР ЖАҒЫНДАҒЫ ӘЛЕМ (Закулисье реальности)
Жанры: қорқыныш,
Ұзақтығы: 105 минут
Ел: АҚШ, Канада, 2026
Режиссер: Кейн Парсонс
Фильмнің басты кейіпкері – жиһаз сатушысы Кларк. Бір күні ол дүкенінің жертөлесінен басқа өлшемге апаратын жасырын портал тауып алады.
Ол уақыт пен кеңістік ешқандай логикаға бағынбайтын, ирелеңдеген сары дәліздерден тұратын шексіз лабиринтке тап болады. Ал әр бұрыштың ар жағында қорқынышты бірдеңе жасырынуы мүмкін.
ҚАРҒЫС АТҚАН РЫЦАРЬ (Проклятый рыцарь)
Жанры: атыс-шабыс, қорқыныш, қиял-ғажайып
Ұзақтығы: 94 минут
Ел: Ұлыбритания, 2026
Режиссер: Наташа Кермани
Жапонның культтік қорқынышты фильмі «Жын әйелдің» желісімен түсірілген. Басты рөлдерді «Тақтар ойыны» жұлдыздары Софи Тернер мен Кит Харингтон сомдайды.
Аннаның күйеуі крест жорығы кезінде шайқастан оралмай қалады. Бұл туралы оған марқұмның жақын досы хабарлайды. Алайда көп ұзамай олардың өңірінде жұмбақ салт атты пайда болады. Ол Аннаға жақындаған кез келген адаммен шайқасуға дайын.
ШЫҢ (Пропасть)
Жанры: триллер
Ұзақтығы: 82 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Алексей Ионов
Бұл – бал айына шыққан жас жұбайлар туралы оқиға. Олардың романтикалық сапары таулардағы қауіп-қатер, өрт және жанға бататын естеліктермен бетпе-бет келіп, аман қалу үшін күреске айналады.
ҒАЛАМ БИЛЕУШІЛЕРІ (Властелины Вселенной)
Жанры: қиял-ғажайып, атыс-шабыс
Ұзақтығы: 132 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Трэвис Найт
Фильмнің басты кейіпкері – Адам. Ол өмір бойы Жерде өмір сүріп, өзінің патша әулетінен шыққанын білмей келген.
Енді оған жұлдыздар арасын кесіп өтіп, туған Этерниясына жетіп, Скелеторға қарсы шығуға тура келеді.
КАССАНДРА
Жанры: тылсым, қорқыныш
Ұзақтығы: 90 минут
Ел: Қырғызстан, 2026
Режиссер: Бекзат Пирматов
Шыңғыс Айтматовтың повесінен және Қырғызстанның ұлттық мифологиясынан шабыт алған қырғыз хорроры.
Оқиға ауыр қайғыны бастан өткеріп жүрген жас қыз туралы. Ол әр түн сайын бұрынғыдан да әлсіреп оянады, бейне бір біреу оның күш-қуатын тартып жатқандай.
Құтылудың жолын іздеген бойжеткен таудың биігінде тұратын көріпкелге барады. Сол жерде ол Албасты атты ежелгі зұлым рухтың құрбаны болғанын біледі. Бұл рух қайғыдан күйреген әрі өткенін жібере алмаған адамдарға келеді. Ол адамның ең үлкен қорқынышының кейпіне еніп, оны іштен біртіндеп жоя бастайды.
ЛЕО МЕН ТИГ. БАЙКАЛҒА АПАРАР ЖОЛ (Лео и Тиг. Дорога на Байкал)
Жанры: мультфильм
Ұзақтығы: 65 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Антон Ланшаков
Фильмнің сюжеті барыс Лео мен жолбарыс күшігі Тигтің Байкал көліне жасаған қызықты сапары туралы.
Кейіпкерлер адасып кеткен Луфи атты нерпаны үйіне қайтарғысы келеді. Жолда оларды күтпеген таныстықтар мен түрлі сынақтар күтіп тұр. Олар қызыл панда Джумен және маймылдар патшасы Укунмен достасады. Сонымен қатар жылқылар табынының айлакер көсемі Тәңірі ханмен қарсыласуға мәжбүр болады. Ол өз арманының орындалуы үшін нерпаны қолға түсіргісі келеді.
ҚАНАТ ҚАҚ! (Шевели перьями!)
Жанры: шытырман оқиға, мультфильм, отбасы
Ұзақтығы: 85 минут
Ел: Польша, 2025
Режиссер: Бартош Кедзерский
Фильмнің басты кейіпкері – Игги есімді жас қыран.
Ол әр түні түсінде көкте еркін әрі жеңіл қалықтап ұшып жүргенін көреді. Бірақ шындық мүлде басқа. Қырандар өмір сүретін әлем соншалықты өркениетті әрі жайлы болғандықтан, оның тұрғындары ұшуды әлдеқашан ұмытып кеткен.
Барлығы Иггидің сыныбына авиацияға ғашық жаңа оқушы Ив келгеннен кейін өзгере бастайды.
МАРҒАУЛАР ҰШУДЫ ҮЙРЕНЕДІ (Котята учатся летать)
Жанры: отбасы
Ұзақтығы: 85 минут
Ел: АҚШ, 2025
Режиссер: Стюарт Хайнсон Калпеппер, Кэрин Дайэн Уильямс
Жас Ренни скейтборд тебуді жақсы көреді әрі марғау асырауды армандайды.
Бірақ жақын маңдағы жануарлар панасы қаржының жетіспеуіне байланысты жабылып қалуы мүмкін. Қыз достарымен бірге бұған бейжай қарай алмай, мысықтарды құтқару жоспарын құрады.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.