Үнсіз
Ұзақтығы: 75 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссері: Медет Қалибеков
Қатыгез күйеуінен қашқан Назым жалдамалы пәтерге жасырынады. Үйінен шықпай, сыртқы әлемді тек терезе арқылы көреді. Ол күн сайын қарсы беттегі жас отбасының тыныс-тіршілігін сырттай бақылап жүреді. Алайда көп ұзамай отағасының мәйіті табылады. Тергеу барысында екі отбасының тағдырын байланыстырған құпиялар біртіндеп ашылады
Кірпі мен қоян (Колючая и ушастый)
Жанры: шытырман оқиға, мультфильм, отбасылық
Ұзақтығы: 84 минут
Ел: Ұлыбритания, Люксембург, Франция, Бельгия, 2025 жыл
Режиссері: Каролин Оригер
Үйінен ұзап көрмеген Уолтер есімді қоян жадысынан айырылған соң өзін даңқты батырмын деп ойлайды. Көп ұзамай ол кірпі қыз Холлимен танысады. Ал Холли бұл кездесуді үлкен шытырман оқиғаға бастар мүмкіндік деп қабылдайды. Екеуі қызыққа, қауіп-қатерге және жаңа достарға толы ерекше сапарға аттанады.
Оның жан азабы (Её личный ад)
Рейтинг: 5.7
Жанры: триллер
Ұзақтығы: 109 минут
Ел: Дания, АҚШ, 2026 жыл
Режиссері: Николас Виндинг Рефн
Болашақ мегаполисте әйелдердің қорқынышы мен азабынан туған құбыжық — «Кожаный адам» пайда болады. Ол қызғылт тұманнан шығып, қыздарды өлтіреді. Оның кезекті қылмысының куәгері болған үш қыз — танымал актриса, оның құрбысы және блогер. Бұған дейін бір-бірімен бәсекелес болған олар енді тірі қалу үшін бірге күресуге мәжбүр. Себебі құбыжық кез келгенінің соңына түсуі мүмкін.
Батыл Дәуіт, (Храбрый Давид)
Рейтинг: 6.9
Жанры: шытырман оқиға, драма, мультфильм, мюзикл, отбасылық
Ұзақтығы: 109 минут
Ел: Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ, 2025 жыл
Режиссері: Фил Каннингэм, Брент Доуз
Жас Дәуіт — өнерге жақын, мейірімді әрі қайсар бақташы. Бір күні ол пайғамбармен кездесіп, бұл сәт оның тағдырын өзгертеді. Осыдан кейін ол Саул патшаның сарайына келеді. Жау әскері елге басып кіргенде, қатыгез алып Ғолияттың жекпе-жек шақыруын қабылдауға тек Дәуіттің батылы жетеді. Бұл шайқас оның тағдырын ғана емес, тарихтың бағытын да өзгертеді.
Лондонды тонау, (Ограбить Лондон)
Рейтинг: 6.2
Жанры: детектив, боевик, қылмыстық, триллер
Ұзақтығы: 96 минут
Ел: Ұлыбритания, 2025 жыл
Режиссері: Дэвид Маккензи
Лондон орталығында құрылысшылар Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған әрі жарылмаған бомбаны табады. Әскер мен полиция қаланы эвакуациялап жатқанда, қылмыстық топ осы сәтті ұтымды пайдаланады. Олар Ұлыбританиядағы ең ірі банкті тонауға кіріседі.
Қапастағы елес, (Призрак в клетке)
Рейтинг: 6.2
Жанры: комедия, қорқынышты фильм, триллер
Ұзақтығы: 106 минут
Ел: Индонезия, Оңтүстік Корея, 2026 жыл
Режиссері: Джоко Анвар
Атақты түрмеде белгісіз күш тұтқындарға шабуыл жасай бастайды. Ал жауласқан қылмыстық топтар мен жемқор күзетшілер аман қалу үшін бірігуге мәжбүр болады.
Соңғы аялдама: Жаңа аттракцион, (Пункт назначения: Новый аттракцион)
Рейтинг: 4.2
Жанры: қорқынышты фильм
Ұзақтығы: 86 минут
Ел: АҚШ, 2026 жыл
Режиссері: Дуглас Димонда, Адам Дубин
Бір топ дос қараусыз қалған ойын-сауық саябағын іздеп барады. Бұл жердің қорқынышты тарихы бар: 15 жыл бұрын аттракциондар келушілерді жарақаттап, тіпті адам өліміне себеп болғандықтан жабылған.
Алдыңғы аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.