деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы қаңтардың 29-ындағы Жолдауына сәйкес Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығын мерекелеу туралы Үкіметтің қаулысы қабылданған болатын.
«Мемлекет басшысының Жолдауына орай, соғыс мүгедектері мен қатысушыларына - 65 мың теңге, соғыс мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдарға, соғыс уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналарына, жұбайларына, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің жұбайларына - 25 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне - 10 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету қарастырылған. Үкіметтің қаулысы бойынша 4,2 миллиард теңге барлық облыстарға, Астана мен Алматы қалаларына бөлінді. Апта соңына дейін ардагерлер біржолғы жәрдемақыларын толық алатын болады», деді Г. Әбдіхалықова.
Оның айтуынша, бүгінгі күні аталған қаражаттың 60 пайызы ардагерлердің дербес шотына аударылған.