Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, кей жерлерде нөсер жаңбыр мен тұман болады. Орталық және оңтүстік аймақтарда аптап ыстық сақталса, еліміздің батысында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтеріледі. Көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі бар.
Астана қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болады. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысында түнде облыстың солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз солтүстік, оңтүстік, шығыс және орталық аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Батысында күн қатты ысып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің батысында жоғары, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыс және солтүстік желдің екпіні күндіз секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыс желі күндіз секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысында күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстігінде 40-43 градусқа дейін жететін аптап ыстық болады. Батысында, шығысында және орталығында жоғары, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында күндіз 35-37 градус ыстық болады.
Павлодар облысында облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай. Күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді. Солтүстік-батыс желінің екпіні осы аудандарда секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қарағанды облысында облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз батысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ түсіп, жел күшейеді. Солтүстік желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз шығысында солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 35 градус ыстық болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр мен найзағай сақталып, облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Батыс және солтүстік-батыс желі күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні күндіз секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Абай облысында түнде батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен найзағай. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстік желдің екпіні таңертең және күндіз облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні күндіз секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысында күндіз таулы аудандарда аздаған жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыс желі таулы жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігі, батысы, оңтүстігі және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөлігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желінің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Жетісу облысында шығысында және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түседі. Солтүстік-шығыс желі шығысында секундына 17-22 метрге дейін күшейеді. Солтүстігі, шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі жарияланған.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыс желі облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23 метрге дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жарияланған. Таразда солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктеріндегі аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, тау асуларында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. Шымкентте және Түркістанда солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түркістанда күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріледі.
Қызылорда облысында облыстың орталығы мен шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыс желі күндіз секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада солтүстік-шығыс желінің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында облыстың солтүстік-батысында оңтүстік-шығыс желінің екпіні күндіз секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жоғары, ал батысында, шығысында және солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбеде күндіз 37-39 градус ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз ауа температурасы 37-39 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да күндіз 37-39 градус ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында күндіз ауа температурасы 43-47 градусқа дейін көтерілетін аптап ыстық болады. Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыс желі солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың батысы мен орталығында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстігі мен батысында жоғары, ал солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз ауа температурасы 38-39 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысында облыстың батысы мен солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі және жел күшейеді. Батыс және оңтүстік-батыс желінің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі бар, ал оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Батыс және оңтүстік-батыс желінің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Еліміздің бірнеше өңірінде 27 шілдеде өрт қаупі өте жоғары болатынын жазған едік.