Аптап ыстық, найзағай, жаңбыр: Ертең күн райы қалай болады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы маусымның 7-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

Фото: Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, Астанада 7 маусым күні таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

7 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус ыстық болады. Облыс бойынша өрт қаупі сақталады.

Ақтау да жоғары өрт қаупі сақталады.

7 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда 7 маусым күні күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

7 маусымда күндіз Қарағанды облысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 7 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

7 маусымда күндіз және түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус ыстық. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбеде 7 маусымда түнде найзағай ойнайды.

7 маусымда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 37 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда 7 маусымда күндіз 35 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

7 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанайда 7 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

7 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақжауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Көкшетауда 7 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

7 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда 7 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

7 маусымда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Семейде 7 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

7 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылордада 7 маусымда төтенше өрт қаупі күтіледі.

7 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Өскеменде 7 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

7 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

8 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда 7 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

8 маусымда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

7 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15- 20 м/с.

Шымкентте 7-10 маусым аралығында жоғары өрт қаупі (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қаупіне дейін жоғарлауы мүмкін.

Түркістанда 7-10 маусым аралығында жоғары өрт қаупі (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіпіне дейін жоғарылауы мүмкін.

7 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодарда 7 маусымда күндіз найзағай ойнайды.