Канадада аптап ыстық салдарынан ормандар өртеніп жатыр
09:06, 17 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Орман өрті Канаданың Мантиоба мен Онтарио провинцияларына жайылды, деп хабарлайды Jibek Joly.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, өрт салдарынан екі адам мерт болған. Олар өрттің құрсауында қалған деген болжам бар.
Тек өткен тәуліктерде ғана өңірде 80-ге жуық өрт ошағы тіркелген. Олардың үштен бірі ірі саналады. Жалын шарпыған аумақ 100 гектарды құрап отыр. Өрт сөндіру жұмыстары жерден де әуеден де жүргізіліп жатыр.
Іішінара тұрғындар эвакуацияланғаны хабарланды.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда орман өрті салдарынан кемінде 18 адам қаза тапқаны туралы жаздық.