Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман түседі деп күтілуде.
Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарында, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады деп болжанып отыр.
Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбенің орталығында, Шығыс Қазақстанның батысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстауда, Қызылордада Түркістанда, Атыраудың оңтүстік бөлігінде, Қостанайдың оңтүстігінде, Алматы облысы мен Ұлытау облысының батысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Абай қаласының орталығында өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.