Өңірлер бойынша:
Батыс Қазақстан облысы -1өрт;
Ұлытау МҰТП - 1 өрт.
Батыс Қазақстан облысында тіркелген өрт ошағы РМҚК «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе патрульдеуі барысында анықталды. Өрт туралы хабарлама түскен сәттен бастап орман мекемелерінің күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орнына жіберілді.
Өртті сөндіруге РМҚК «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары және мемлекеттік орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
-Елімізде аптап ыстық пен найзағайға байланысты өрт қаупі әлі де жоғары болып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен РМҚК «Қазавиаорманқорғау» күштері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілу үстінде,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше «Қазгидромет» те Қазақстанның басым бөлігінде өрт қаупі сақталатынын ескертті.