Аптап ыстыққа байланысты Ертіс орманына кіруге тыйым салынды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Орманшылар мемлекеттік орман қоры — ұлттық байлық екенін әрі ол маңызды экологиялық қызмет атқаратынын атап өтті. Кез келген абайсыз әрекет табиғи ресурсқа елеулі материалдық шығын әкелуі ықтимал.

Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Өңірде мамыр айының соңынан бері тұрып алған аптап ыстыққа байланысты «Ертіс орманы» резерватының аумағына енуге тыйым салынды. Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қорында өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі, яғни 5-класты деңгей жарияланған.

— Ыстық әрі құрғақ ауа райына байланысты Павлодар облысының аумағында орман өрттерінің тұтану қаупі айтарлықтай артып отыр. Орман өрттерінің алдын алу және табиғи ресурстарды сақтау мақсатында мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіптілігінің IV және V сыныптары белгіленген кезде азаматтар мен көлік құралдарының резерватқа кіруіне, сондай-ақ орман қорғау қызметтерінің қызметіне қатысы жоқ жұмыстарды жүргізуге толықтай тыйым салынады, — деп хабарлады «Ертіс орманы» резерватынан.

Бұған дейін экологтар «Ертіс орманын» жібек көбелегі басып бара жатқанына алаңдап, дабыл қаққан болатын