Аптап ыстық адам денсаулығына несімен қауіпті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Аптап ыстықтың адам денсаулығына қалай әсер ететінін №7 қалалық емханансының жалпы практика дәрігері Ботагөз Жампозова айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Маманның айтуынша, ыстық күнде өзіңізді қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау керек.

«Шілде-тамыз айларында бізге әсіресе балалар көп келеді, олардың басым бөлігі сол күн өткізіп алады. Олар құсу, жүрек айну, диарея және мұрыннан қан кету сияқты симптомдарға шағымданады. Ересектер әдетте бас айналып, бас ауруына шағымданады, көбінесе олардың қан қысымы көтеріліп, мұрыннан қан кетеді, 65 жастан асқан адамдарда созылмалы аурулар да күшейеді. Мұндай жағдайларда уақтылы медициналық көмек көрсету қажет. Сондай-ақ, пациенттердің өздері дәрігерлердің барлық ұсыныстарын сақтауы маңызды», - деді № 7 қалалық емхананың шаруашылық жүргізу құқығындағы МҚК жалпы практика дәрігері Ботагөз Жампозова.

Оның айтуынша, егер күн сайын бір дәрігер 25 адамды қабылдаса, 3-4 пациенттен күн өткені дәл анықталады.

«Күндіз күн сәулелері әсіресе белсенді кезде аса қажеттілік болмаса далаға шығудың керегі жоқ. Ал егер сіз жұмыстарыңызбен бір жаққа баруыңыз керек болса, табиғи матадан, мақтадан немесе зығырдан жасалған жеңіл және бос киім кигеніңіз абзал. Өзіңізбен бірге ауыз су алып жүріңіз. Ашық түсті киім мен бас киім киіңіз. Көзіңізге көзілдірік тағуды да ұмытпаңыз», - деп қорытындылады дәрігер.

Бұған дейін жұқпалы аурулар дәрігері аптап ыстықтың басталуына байланысты ішек инфекцияларының алдын алу туралы да туралы айтқан болатын