Аптап ыстық қандай ауруларды қоздырады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының маманы Далида Мұқашева аптап ыстықта қандай ауруға шалдығу мүмкін екенін, күн өтпес үшін қалай сақтану керектігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер ауатемпературасы 38 градустан аз болса, ағза тері астындағы қан ағынын күшейтеотырып, денені қызудан сақтайды. Бірақыстық күшейгенде, сыртқы температура ішкі температурадан жоғарылайды да, ағза«ресурстарды үнемдеуге» көшеді. Сөйтіп қан ағынын орталықтандыру механизмі іскеқосылады. Бұл жүрек-қантамыр жүйесіне түсетін салмақты арттырады», - дедіДалида Мұқашева.

Оныңайтуынша, қатты ыстық кезінде дене құрғап немесе қызып кетуі мүмкін.

«Қаттыыстықта күн өту, шаршап-шалдығу, ыстықсалдарынан тырысу сияқты белгілер пайда болады. Күн өтуден соққы алған жағдайдаөмірлік маңызды органдар қайтымсыз зақымданып, кейде тіпті өлімге әкелуімүмкін. Аптап ыстық барлық адамдарға, соның ішінде жас және дені сау адамдарғаде әсер етуі мүмкін», - деді сарапшы.

Дегенмен,65-тен асқан егде жастағылар, бүйрек, психикалық, диабет аурулары бар адамдар;аллергияға қарсы дәрі-дәрмек пен қан қысымын тұрақтандыратын дәрі ішетін, жүрек-өкпе және құрысуғақарсы препараттар қолданатын, ағзаның реакциясына және ыстыққа әсер етуі мүмкінантидепрессанттар ішетін адамдар; мүгедектігі бар адамдар; жүкті әйелдер менбала емізетін аналар; сәбилер мен кішкентай балалар; артық салмағы бар адамдар; ашық жерде жұмыс істейтін және спортпеншұғылданатын адамдар; сондай-ақ салқын климаты бар елдерден келген адамдарыстықтан жиірек зардап шегетін көрінеді.

Маман күнөтуден сақтанудың қарапайым ережелері бар екенін айтады.

«Шөл қыспасада, мүмкіндігінше суды көп ішіңіз. Дені сау адам күніне 2-2,5 литр таза сутұтынады. Алайда, салқындатылған су қан тамырларын қысады, осылайша ас қорытунашарлайды. Салдарынан ағза ас қорытуданбас тартады, өйткені ол сіздің денеңіздің температурасы мен су температурасынреттеуге тырысады. Бұл ағзаның құрғауына әкеліп соғады», - деп түсіндірді басмаман.

Дәрігерлерәсіресе түс мезгілінде тікелей күн сәулесінен аулақ болуға кеңес береді. Алегер көшеде жұмыс істейтін болсаңыз, онда үнемі үзіліс жасап, салқын бөлмеде10-15 минут демалу қажет.

«Көшедеқалпақ киіп жүрген абзал. Дене мен бетке күннен қорғайтын крем жағып, тікелей күн әсерінен аулақ болыңыз.Мүмкіндігінше күн астындағы саяхаттардан бас тартып, кейінге қалдырыңыз. Күнсәулесі сағат 11-ден 16-ға дейін қатты әсер етеді. Осы аралықта күн астындаұзақ болмау ұсынылады. Мақта және зығыр сияқты табиғи талшықтардантігілген ашық түсті киім киіңіз. Диетағажеңіл және көкөніс тағамдарын қосып, оларды аз мөлшерде ішіңіз. Салқындатудықажет ететін өнімдердің дұрыс сақталғанына көз жеткізіңіз», - дейді Далида Мұқашева.

Сонымен қатар,ыстық түскен шақта қимылды азайтып,жаттығулар мен ауыр еңбекті таң мен кешке қалдыру қажет.

Дәрігерқандай жағдай болса да, баланы көліксалонында қалдыруға болмайтынын ескертеді.

«Майлы жәнеащы тамақ ішпеу керек. Тәтті газды су мен шырындар шөлді жеңуге көмектеспейді. Керісіншекүшейтуі мүмкін. Сондықтан, қатты ыстықта қалыпты минералданған, газсыз суішкен жөн. Баланың денесі ересек адам денесіне қарағанда үш-бес есе жылдамқызатынын ұмытпаңыз. Ешқандай жағдайда баланы автокөлік салонында қалдыруға болмайды.Машинадағы температура бар болғаны 10 минут ішінде 20 градусқа, ал бір сағатаралығында 40 градусқа дейін қызады. Тіпті терезелерді ашық қалдырсаңыз да, бұл жағдайды жеңілдете алмайды»- дептүйіндеді ол.

Синоптиктердіңмәліметінше, Қазақстанда ыстық ауа райы апта соңына дейін сақталады.Республиканың оңтүстік облыстарында термометр 35-40 градусты көрсетсе, кейжерлерде 45°С, ал солтүстік өңірлерде 30 градустан жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар