Аптап ыстық, күшті жел - 8 облыс аумағында ескерту жарияланды
13 күндіз шілдеде Қостанай облысында оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал.
13 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі.
Сол күні таңертең және күндіз Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға айналады. Ертең күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.
13 шілдеде түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді.
13-15 шілдеде күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
13 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
13-15 шілдеде күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 39 градус қатты ыстық болуы мүмкін.
Сол күні Жезқазған қаласында 37-39 градус қатты ыстық күтіледі.
13 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде 38-41 градус қатты ыстық сақталады.
13 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Сол күні күндіз Шымкентте солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіне 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Дүйсенбіде күндіз Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің соғады.
13 шілдеде күндіз Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с жетеді.
Сол күні күндіз Атырау қаласында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.