Аптап ыстық салдарынан Жамбыл облысында ескерту жасалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Салқын ауа райынан және жиі жауған жаңбырдан кейін Таразда және облыста күн ысып кетті.

8 маусымнан бастап термометрдің сынап бағанасы көлеңкеде 40 градустық межеге дейін көтерілді.

«Қазгидромет» РМК ескертуіне сәйкес 8 маусымнан бастап Жамбыл облысында 35... 40 градустық аптап ыстық болады. Таразда ауаның температурасы 36... 38 градусқа дейін ысиды», деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.