«1 тамызда фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанныңбасым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, еліміздің кей жерлеріңде жаңбыржауып, найзағай жарқылдайды, батыста және солтүстік батыста қатты нөсер жауады.Тек республиканың оңтүстігі мен шығысында күн райы ашық болады. Кей жерлердежел күшейеді, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жәнетаңертең тұман күтіледі», делінген синоптиктердің болжамында.
Батыс Қазақстаноблысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде екпіні23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау,Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде дауыл, түнде жел 15-20 м/с күндіз 15-20, кейжерлерінде 23-25 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууымүмкін.
Солтүстік Қазақстаноблысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде және таңертең түмантүседі, күндіз жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қостанай облысыныңкей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел 15-20, күндіз 15-20 кей жерлерде23-25 м/с күтіледі.
Ақмола, Жамбылоблыстарының кей жерлерінде күндіз дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20, Ақмолаоблысында екпіні 25 м/с күшейеді.
Алматы, Павлодар,күндіз Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20м/с күтіледі, Павлодар облысында бұршақ, күндіз Қарағанды облысында дауыл, түндеМаңғыстау облысында тұман күтіледі.
Күндіз Ақмола,Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде,Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстықкүтіледі.
Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.