Бүгінгі күнде балықтардың не себепті қырылғаны белгісіз болып отыр. Облыста арнайы құрылған комиссия оқиғаның неден болғанын анықтауға кірісті. Оның құрамына экология, төтенше жағдайлар мен ветеринария қызметінің мамандары тартылды.
«Оқиғаның себеп-салдарын әзірге нақты айтуға ертерек. Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, балықтың қырылуына Қызылорда облысында күннің шамадан тыс ысуы мен Көкарал бөгетінде суды теңізге ағызып жіберу себеп болуы мүмкін. Алайда оның нақты себебі әзір айқын емес», - дейді мамандар.