Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, «бірнеше ауданның шаруалары комбайнмен алғаш себілген астықты жинауға кірісіп кеткен».
Егін даласындағы ахуал оңай емес: күндіз ауа температурасы 30-35 градустан асып кетеді, бұл көпжылдық көрсеткіштен 5 градусқа жоғары. Топырақтағы температура 65-70 градусқа дейін барады.
Ғ. Нұрмұхамбетов шаруалар өз жұмысын жемісті атқарса және сәті түссе 5 миллион тоннаға жуық өнім түседі деп болжап отыр.
Қостанай облысының ауыл шаруашылық өндірушілері жеңілдікпен берілген дизель жанармайны белсенді түрде қолданып жатыр. Оларға жалпы көлемі 75 мың тонна жанармай берілген. Элеватор жұмысымен қамтамасыз ету үшін облыстық әкімдік қосымша жанармай бөлуді сұрап, Ауыл шаруашылығы министрлігіне өтініш жазды.