Әр адам смартфонға қауіпсіздік сертификатын өз еркімен орнатады – Асқар Жұмағалиев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ұялы байланыс операторларынан абоненттерге қауіпсіздік сертификатын орнату хабарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларға интернетте экстремистік, лаңкестік сипаттағыжәне басқа да теріс мәндегі материалдарды көру пайдалы ма?! Қауіпсіздік сертификаты осымәселелерді шешетін болады. Аталған сертификатты орнатуды әр адам еріктінегізде жүргізеді. Егер де жақындарыңызға, балаларға алаңдасаңыз, қауіпсіздіксертификатын орнатасыз, ал егер қажет емес деп санасаңыз, онда орнатпауғаеріктісіз. Сертификаттың тағы бір пайдалы жағы – ол ақпараттық қауіпсіздіккеқатысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Өйткені сайттардың жұмысынакедергі келтіретін әрекеттер болып жатады», - деді министр.

Соныменқатар А. Жұмағалиев Қазақстан халқының жеке мәліметтерін қорғау заңнамаменкепілдік берілгенін атап өтті.

Бұдан бұрынхабарланғандай, операторлар аталмыш сілтеме елдегі барлық абоненттергетаратылып жатқанын айтады.

Яғни, әзіргеондай SMS алмаған адамдардың алаңдауына себеп жоқ. Сілтеме келген сәтті күтіп,орнатуға дайын болуы керек. Мамандардың айтуынша, абоненттің хакерлік шабуылғаұшырауы үшін күмәнді сілтемеге өтуі міндетті емес. Яғни қауіпсіздік жүйесініңсертификаты болмаған жағдайда интернет арқылы пайдаланатын көптеген қызметтергекіретін құпия сөздер мен кодтарды ұрлау оңай. Қауіпсіздік жүйесініңсертификатын орнату осы үшін қажет.

Соңғы жаңалықтар