Белгілі профессор бүгін Алматыдағы Алмагүл шағын ауданындағы сайлау учаскесінде дауыс беріп шықты.
«Бүгін біз Парламент Мәжілісі мен мәсихатының құрамын анықтау үшін өз таңдауымызды жасаудамыз. Әр адамның даусы шешуші болады. Сондықтан өміріміздің болашағын анықтайтын, 5 жылда бір өтетін осындай сайлауларда бір рет дауыс бергеніміз қажет», - деді Такир Балықбаев.
Алматыда барлығы 581 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру орындары «ҚР Сайлау туралы» заңының, Орталық сайлау комиссиясының талаптарына сай келеді.
507 учаскеде 2535 медициналық қызметкер: 1014 дәрігер, 1521 медбике жұмыс істейтін болады. Одан бөлек кейбір сайлау учаскелерінің жанында Жедел жәрдем кезекшілік ететін болады.