Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, 25 ақпаннан 7 сәуірге дейін (әр бейсенбіде) сағат 19:00-дан 22:00-ге дейін «Медеу» биік таудағы мұз айдынында жаппай бұқаралық сырғанақ тебу кезінде ««Медеу МұзFest» фестивалі аясында қазақстандық эстрада жұлдыдарының қатысуымен концерттер өткізіледі.
«Өткен аптада «Медеу» қонақтары алдында Нұржан Керменбаев пен YES17 тобы өнер көрсетті. Ал 3 наурызда сырғанақ тебушілер «Do-Mi-No» тобының сүйікті хиттарымен сусындайды», - делінген хабарламада.
«Медеу» басшылығы белсенді және салауатты өмір салтын наихаттайтын жобалар мен жақсы идеяларға әрқашан да қолдау көрсетуде. Бұрын мұз айдынында «Азия дауысы» халықаралық музыка фестивалі өтетін еді. Енді бұдан бұлай «Медеу МұзFest» фестивалі де жұртшылық көңілінен шығатынына сенеміз