Әзербайжан Республикасы штаб-пәтерге ұлттық нақышта безендірілген қонақ бөлмені;
Тәжікстан – ағаштан ойып жасалған есікті;
Өзбекстан – ғимарат ауласына ағаш шатырды;
Қырғызстан – киіз үйді;
ҚХР – АӨСШК логотипінің үш өлшемді инсталляциясы және 114 күн панелін;
Түркия – «Ыстанбұлдың мәңгілік жады» атты керамикалық панноны;
Корея Бодхисаттва қола мүсінін;
Үндістан Шива – Натараджа қола мүсінін сыйға тартты.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты.