Оның айтуынша, күрделі экономикалық жағдайды еңсеру үшін сырттан бақылап тұрушылардың қажеті жоқ.
«Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуына жауаптылықты тек министрлер мен олардың орынбасарлары ғана емес, әр шенеунік сезінуі тиіс. Әлемдік экономикадағы келеңсіз өзгерістер тұтастай Қазақстанға оң ықпал етуі де мүмкін деп ойлаймын. Шикізат ресурстарымен қоса, мұнай немесе пайдалы қазбаларды іске асыруға бар күшімізді жұмылдыруымыз қажет», - деп атап өтті Қауымдастық басшысы.
Х. Дауров Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері өзінің тарихи Отанымен мәдени салада ғана емес, сонымен бірге инвестиция тарту бөлігіндегі байланысты қолдауы тиіс деген ұстанымын қолдайды.
«Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде министрлік пен өңірлер шетел инвесторларымен жұмыс істеп, оларды экономикамызға тартуы тиіс екенін атап өтті», - деді ол.