«Кеше туристер Батумидегі Әзербайжанның бас консулдығының көмегіне жүгінді. Бас консулдықтың ықпалымен оларға төлқұжаттары қайтарылды», - деді Әзербайжанның Батумидегі бас консулы Рашад Исмайлов.
«Туркомпания 50 туристің қонақүйде тұруы үшін ақша төлемегендіктен, қонақүй қызметкерлері олардың төлқұжаттарын алып қойған. Бас консулдықтың ықпалымен оларға төлқұжаттары қайтарылды. Туристік компания әрекеттерінің заңсыздығы расталған жағдайда ол әрекеті үшін жауапқа тартылады. Бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысады. Бас консулдық өз өкілеттілігі аясында жапа шеккен әзербайжандық туристердің құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолға алды», - деді Р.Исмайлов.