деді бүгін Алматыда ҚР Мәдениет министрлігінің Діни істер комитетінің төрағасы Ардақ Досжан «Нұр-Мүбәрак» Мысыр Ислам мәдениеті университетінің оқытушыларымен және мен студенттерімен кездесу барысында.
Кездесу Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған республикалық ақпараттық - насихаттық топтың Алматыдағы жұмыстары аясында өтті.
«Еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңызды негізі - ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ұстамды әрі салмақты саясат болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы күрделі кезеңінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік конфессиялық қатынастар саласында саяси шешімдерді қабылдауда көрегендік пен парасаттылық танытты. Осындай сарабдал саясаттың нәтижесі - бүгінгі Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылық болып табылады»,-деп атап өтті Ардақ Досжан кездесу барысында.
Оның айтуынша, осы бағытта дамыту үшін құрылған бірқатар құрылымдар республикамыздағы исламның ортодоксальды ағымдары мен түрлі агрессивті псевдоисламдық ағымдардан қорғауға мүмкіндік берді. «Алғашқы кезеңнен бастап Қазақстанда басқа конфессияларға толерантты көзқарас танытатын, олардың құндылықтарын мойындайтын, ғылымның дамуын, техникалық прогресті қолдайтын исламның ағартушылық негіздегі бағыты таралды»,-деді ол.
Ардақ Досжанның айтуынша, бүгінгі таңда халық арасында, әсіресе, жастар ортасында діни сананың белсенді дамуы бақалады. «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде 63 мешіт болса, бүгінгі таңда 2 371 мешіт қызмет атқарады. 2015-2020 жылдары мұсылмандық діни ұйымдардың саны шамамен 4 000-ға жетеді деп күтілуде. Ал, өткен жылы, 2010 жылдың 1 шілдесінде мұсылмандық діни бірлестіктердің саны 2 725-ті құрады»,-деді ол.
Оның пікірінше, республикадағы ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар толеранттылық, бірлік және интернационализм тәрізді гуманитарлық құндылықтар шеңберінде дамуы қажет