М.Абунайянның айтуынша, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында Қазақстан Президентімен келіссөздер болды. Бұл тұрғыда еліміздің бір өңірінде қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу мәселесін қаралған. Бұл нысанға салынатын инвестиция 1,8 млрд АҚШ долларына жетеді.
«Біз Қазақстандағы құны 1,8 млрд. доллар болатын инвестициялық жобамыз жайында қуана хабарлап отырмыз. Қазақстанның энергетика саласындағы бастамаларын, сондай-ақ «жасыл» энергетиканың қалай дамып жатқанын көріп отырмыз. ACWA Power компаниясында осы бағыттағы жобаларды іске асыру тұрғысында барлық қажет мүмкіндіктер мен құзыреттер бар. Біз Орталық Азияның елдерінде жобаларды жүзеге асырып келдік. Атап айтқанда, Қазақстан біз үшін стратегиялық маңызды серіктес», - деді ол.
Бұған дейін Мемлекет басшысы ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдағанын жазған болатынбыз.