«Араб көктемі» елдері қажылыққа бару жеңілдігіне ие болады

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Тунис, Мысыр, Ливия, Йемен және кейбір елдердің биыл қажылыққа барғысы келетін тұрғындарының санына шектеу қойылмайтын болды. Яғни, Сауд Арабиясы билігінің қажылар санына байланысты шектеу аталған елдердің тұрғындарына жүрмейді.

«Саяси толқудан әлі ес жия қоймаған елдерден келетін қажылардың санын шектейтін ойымыз жоқ», - деді Сауд Арабиясы королдігінің Қажылық істері жөніндегі министрі Бандар Хажар. Бұл жайында Reuters хабар таратты.

«Шенеуніктің сөзіне қарағанда, азамат соғысы шарпыған Сирияның өзінен биылғы жылы 10 мың адам қажылық парызын өтеуге келуі мүмкін. Үстіміздегі жылы 30 мыңдай мұсылман 20 пайыздық квотаға байланысты қажылығын өтей алмайды», - деп жазады muslim.kz.