Араб мемлекеттері Катарға қойылатын талаптар тізімін берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кувейт Катар билігіне дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру үшін араб мемлекеттері қойған талаптардың тізімін берді, деп хабарлайды РИА Новост «Әл-Жазира» дереккөздеріне сілтеме жасап.

Телеарна құжатта нақты қандай талаптар  көрсетілгендігін ашып айтпайды. Бұған дейін БАӘ-нің мемлекеттік министрі Анвар Гаргаш елдер арасындадағы қатыныстарды  реттеудің негізгі талаптары Катардың  радикализм және террорлық топтарды қаржыландыруын тоқтату екендігін айтқан болатын. Сондай-ақ ол  Доханың палестиндік ХАМАС қозғалысы мен «Мұсылман бауырлар» ұйымына қолдау көрсетуден бас тарту керектігін жеткізген еді.