Араб мемлекеттері лигасының саммиті 15 мамырға қалдырылды

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Араб мемлекеттері лигасының кезекті 23-саммиті 15 мамырға ысырылды.

"О баста, жоғары деңгейдегі бұл кездесу ағымдағы айда Бағдадта өтеді деп жоспарланған болатын", - деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.

Бірақ халық толқулары орын алған өңірдегі қазіргі ахуал Лига Кеңесін саммитті кейінге ысыру туралы шешім қабылдауға мәжбүрлеп отыр.

Лиганың қазіргі төрағасы болып табылатын Ливия осы саммитте, хаттама бойынша өз өкілеттігін Иракқа тапсыруы керек еді.