Араб компаниясы сатып алғанға дейін, британдық компанияның толық акциялар пакеті кәсіпкер Ричард Брэнсонға тиесілі болатын. Мәміле сомасы 280 миллион долларды құраған. «Ресейғарыш» агенттігінің ақпараты бойынша, Aabar Investments компаниясы акцияның 32 пайызын сатып ала отырып, Virgin Galactic компаниясының барлық туристік және ғылыми ұшу сапарларына эксклюзивті аймақтық құқық алып отыр. Компания сондай-ақ Әбу-Дабиде ғарыш айлағын салмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Virgin Galactic компаниясы жер орбитасына сапар жасағысы келетіндерге ғарыш қызметін ұсынбақ ниетте. Осы мақсатта компания "WhiteKnight 2" деп аталатын тасымалдағыш ұшақтан және Space Ship 2" кемесінен тұратын арнайы жүйені әзірлеуде. Мұндай бір ұшу сапарының құны 200 мың долларды құрайтын болады. Оған Нью-Мексика штатындағы Мохава шөлінде салынып жатқан ғарыш айлағында үшкүндік дайындықтан өтудің құны, бесжұлдызды отельде тұру шығыны, ғарыштың төменгі шекарасына ұшу сапары, Жерге оралу сапары кіреді.