Араб телеарнасының мәліметінше, Сириядан СІМ-нің ресми өкілі қашып кеткен
14:54, 04 Желтоқсан 2012
ӘБУ-ДАБИ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Арабиялық «Әл Арабия» телеарнасының мәліметтеріне қарағанда, Сириядан елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Джихад Макдисси қашып кеткен. Ол саяси баспана сұрауы мүмкін деген болжам жасалуда.
«Ол қашып кетті. Сирияда жоқ. Менің бар айтатыным осы», - деді анонимді дереккөз.
Бұған дейін ливиялық телеарналардан хабарлағандай, Дж.Макдисси «Сирия үкіметінің ресми позициясына сай емес» өтінішті қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметтен қуылды деген сыбыстар жүрді.