«Егер біз ғылым, математика және медициналық кітаптар тарихына жүгінсек, олардың көбі араб тілінде жазылып, басқа тілдерге аударылғанын көреміз», - деді шейх Мохаммед. Ол сондай-ақ араб тілінен атаулы сыйлықтың бірнеше жеңімпазын марапаттады.
Швейцарияда орналасқан «Дар Әл Фарах» институты араб тілін екінші тіл ретінде оқытудың үздік бағдарламасы үшін марапатталды. Сауд Арабиясының жоғары білім саласындағы бағалау бойынша Ұлттық орталығы араб тілін бакалавриат деңгейінде оқытудың үздік бастамасы үшін марапатталды.
Дубай әміршісінің айтуынша, қазіргі кезде басқа шетелдерде әлі күнге дейін пайдаланылып отырған көптеген араб сөздерін табуға болады. «Бұл араб тілінің орамдылығы мен бейімделгіштігінің арқасында болып отыр», - деді әмірлік билеушісі.