Бұл ақпаратты Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады.
«Мұндай оқиға болды. Блок бекетінде жекеменшік жедел жәрдем көлігі тоқтатылды. Көліктің салоны арақ-шарап өнімдеріне толы болған», - деді С.Әзірбек.
Оның айтуынша, блок-посттарда полиция көліктердің ішін анықтап қарағаннан кейін ғана өткізіп жатыр.