Араққа сылқия тойған депутат мылтығымен ауылдасының ізіне түсті

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Алтай аймағы Заринск ауданының ауылдық кеңесінің депутатына біреудің денсаулығына орта дәрежеде зала келтіру, өлтіремін деп қоқан-лоққы көрсету, мүлкін бүлдіру, бұзақылық сынды айыптар тағылуда,

деп хабарлады Утро.ру.

Тергеушілердің алдын ала нұсқасы бойынша, 2011 жылдың 11 қарашасында араққа сылқия тойған депутат дүкеннен кезектен тыс темекі сатып алған жергілікті тұрғынмен ерегісіп қалған. Артынша үйіне барып мылтығын алған ол көлігіне отырып, өзін ренжіткен әлгі азаматты көше бойынан іздеген.  

Бір мезеттерде оған қарсы жолыққан 2 азамат өзі соққыға азаматты білетіндей көрінген соң әуеге оқ атып, таяқ жеген адамның үйін көрсетуді талап еткен. Дегенмен олардың білмейтіндігіне көз жеткен халық қалаулысы із кесу ісін одан әрі жалғастырып, әупірімдеп жүріп тапқан. Депутат үй тұрғындарынан оның қай пәтерде тұратындығын көрсетулерін талап етіп, аяқтарының астына оқ атқан.  Осыдан кейін әлгінің пәтерінің есігін атқылап, бой тасалаған.