Ұсталған азаматтар оларға күдік тудыратын етті жылқы етімен бірге әкесі С. Меңдібаев бергенін мәлімдеген. Тергеу органы С. Меңдібаевқа Қылмыстық кодекстің 339-бабында көзделген қылмысты жасады деп айып таққан.
Арал аудандық сотының 2016 жылғы 5 наурыздағы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабында көзделген қылмысты жасады деп айыпталған азамат С.Мендыбаев кінәсіз деп танылып ақталды.
Сот сараптама орталығы сарапшысының қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған ет бөлшектеріндегі жүн қылшықтарының микроскопиялық жиынтық белгілері бойынша аша тұяқтылар тобына жататын ақбөкен қылшықтарына тиесілі екендігі анықталғанымен, дәлелдеме ретінде алынған еттің қандай жануардың еті екендігін сарапшы ғылыми-негізделген әдістеменің жоқ болуына байланысты анықтай алмаған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады, заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес.
Сот қылмыстық істі тағылған айып бойынша және сотқа ұсынылған айғақтар негізінде қарап, тергеу органы елеулі заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтап, азамат С.Меңдібаевты кінәсіз деп танып, оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына орай ақтау үкімін шығарды. Үкім шығаруда сот кінәсіз деп танылған азаматтың негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылуы салдарынан келген залалды өндіру құқығын таныды.
Сонымен қатар, осы тектес заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту фактісі келешекте орын алмас үшін Қызылорда облысы прокурорының және ІІД-нің басшысының атына, сондай-ақ өзінің міндеттерін тиісінше орындамай, негізсіз қорытынды шығарған сарапшыға шара қолдану мәселесі жөнінде Сот сараптама орталығы мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы бойынша Сот сараптама институтының басшысының атына жеке қаулылар қабылданды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Н.Нұрахметұлы