Арал ауданына жаңа прокурор тағайындалды
Б.Тоқмырза 1981 жылы туған. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2010 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 9 жылдан асты.
Б.Тоқмырза прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылғы қыркүйекте Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры болудан бастады. Бұдан кейінгі жылдары Қызылорда қаласы прокурорының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі, сот қаулыларының заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі, аға көмекшісі, облыстық прокуратураның мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры қызметтерінде болды.
2010 жылғы желтоқсаннан жаңа тағайындауға дейін облыс прокурорының кәмелетке толмағандар туралы заңнамалардың қолданылуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі қызметін атқарып келді.