Осының арқасында жыл басынан жастар тәжірибесіне сай оқу бітірген 300 жас маманға 83 мекемеге жолдама берілді. Ал әлеуметтік жұмыс орындары үшін 57 кәсіпорынмен келісімшарт жасалып, тіркеуге алынған 250 жұмыссызға жолдама берілді.
Салыстыру үшін бұл мақсаттарға берілген былтырғы жылғы қаржының көлемі 25 млн. 900 мың теңге болғанын да айта кетейік.