Бұл игі бастаманың жалғасын тапқанына биыл алтыншы жыл. Үстіміздегі жылы баба рухын ұлықтауға аудандық бюджеттен 58 млн. теңге бөлініп, аудан орталығындағы Ақтан батыр көшесі абаттандырылып, биіктігі 14 метрлік қос батыр - Ақтан мен Жанқожаның ескерткіші ашылады. Бүгінгі таңда аралдықтар алда өтетін шараға қызу дайындық үстінде. Батырға арналған төсбелгі, күнтізбе шығарылып, ат бәйгесін өткізу жоспарда бар.
11:15, 28 Қыркүйек 2010
Арал ауданында биылғы барыс жылы Ақтан батырға арналып отыр - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында әрбір жылды атаулы етіп, кезінде қол бастаған батырларының есімдері мен ерлік істерін ұлықтауды дәстүрге айналдырып отыр.