Арал ауданында кварц құмын байытатын комбинат салынады

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысы Арал ауданында жергілікті шикізаттан кварц құмын байытып шығаратын комбинат құрылысы қолға алынғалы тұр.

Оның негізін аудандағы Шөміш стансысы маңындағы кварц құмы кені орнында жұмыс жасауды бастаған «Фирма Дана» ЖШС қалады.

Аталмыш серіктестік қуат­ты­лығы жылына 450000 тонна өнім өндіретін кен байыту комбинатын салу­ды жоспарлаған. Сол бағытта «Кварц құмын байыту фабрикасының құры­лысы» жобасы ұсынылды. Оған қоса, «Қазақстанның даму банкімен» бірлесе жобаға са­рап­тама жасалып, нақтыланды. Жоба 2011 жылы аяқталуы тиіс. Ол кезде аумаққа 4,5 миллиард теңге көле­мінде инвес­тиция тартылады. Осы арқылы мұнда жер­гілікті 200 тұрғын жұмыспен қамтылады.

Аудан әкімінің орынбасары Бөрі Дабыловтың айтуынша, бүгінгі таңда 980 метр жерге теміржол жүргізілген. Қалған 18 шақырымға жоба-сметалық құжаттар дайындалуда. Кәсіпорын өз қаражатынан 800 млн. теңге инвес­тиция құйды. Инфрақұрылым төңіре­гінде түйткілді мәселе жоқ. Кәсіпорын жобаны қаржыландыру үшін «Қазақ­стан Даму банкімен», «Ислам Банкімен» жұмыс жасауда.