Небәрі 49 жыл ғана өмір сүріп, сол қысқа ғұмырында көп іс тындырған жазушының артында оның қаламынан туған «Қардағы іздер», «Қимас қазына», «Мен сүйген қыз», «Тас бөгет», «Махаббат қорығы», «Ақырғы демім біткенше» атты повестері мен әңгімелері қалды.
Жазушы ескерткішінің ашылу салтанатында аудан әкімі Н.Мұсабаев құттықтау сөз сөйлеп, ұрпақтар сабақтастығы жолындағы ізетті, игі іске алғысын білдірді.
Шара барысында Құдайберген Саржанов, Айжарық Сәдібекұлы, Тұлпар Итеновтер жазушы жайында жақсы естеліктер мен ойларын ортаға салды. Ескерткіштің салтанатты ашылуынан кейін Жақсылық Түменбаевтың рухына арнап құран бағышталып, ас берілді.