Бұл қаражаттың 138379 мың теңгесін республикалық,108 млн.154 мың теңгесін облыстық бюджеттер берді. Бұдан бөлек «Жол жөндеу жұмыстары» атты тағы 2 жобаға республикалық бюджеттен 104 млн. 245 мың теңге бөлінді. Бұл қаржының 21 млн. 471 мың теңгесі Қамыстыбас елді мекеніндегі жергілікті маңызы бар автокөлік жолын орташа жөндеуге жұмсалады. Оған жоспарланған 23 адам жұмысқа тартылған.
11:58, 31 Тамыз 2010
Арал ауданында «Жол картасы» арқылы әлеуметтік нысандарды жөндеуге 246 млн. 533 мың теңге қарастырылып отыр - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында «Жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге, автокөлік жолдарын салуға 246 млн 533 мың теңге қаржы қарастырылып отыр.