Арал ауданында «Жол картасы» бағдарламасы аясында жолдарды жөндеу қолға алынды - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында жер­гі­лікті маңызы бар жол­дарды жөндеу қолға алынды.

«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюд­жеттен Қамыстыбас елді мекеніне кіреберіс жолды орташа жөндеуге 21 млн. 471 мың, ал Қызылжар ауылына барар автожолға 82 млн. 774 мың теңге бөлінген болатын. Жөндеу жұмыс­тарын тендер жеңімпазы «Арал жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмыссыздар еңбекке тартылды.