Арал теңізіне қатысты халықаралық конференция Өзбекстанда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айының соңында Өзбекстанның Үргеніш қаласында «Арал теңізіндегі экологиялық апатты азайтудағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында халықаралық конференция өтеді, деп хабарлады Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінен.

Конференция мақсаты - Арал теңізі мәселесіне халықаралық қауымдастықтың назарын аудартып, аймақтық табиғатты сақтау жұмыстарына, әлеуметтік-экономикалық және су шаруашылығы жобаларына тың серпін беру. Жиынға «Аралды құтқару» Халықаралық қорына мүше мемлекеттер өкілдері, БҰҰ агенттіктері, тағы басқа да бірқатар Халықаралық банк пен ұйымдар қатысады деп жоспарланып отыр.