Арал теңізінің құрғаған табанына 10 мың гектар сексеуіл отырғызылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның орман қызметі Арал теңізінің құрғаған табанын игеруге 1,7 млн доллар бөлді.

Бұл жөнінде «Қазақстанбиоалуантүрлілікті сақтау қоры» дирекциясының басшысы Асылхан Асылбеков мәліметті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жыл сайын Арал теңізініңқұрғаған табанынан желмен бірге 80 млн тоннаға дейін улы тұз көтеріледі.Аралдың тұзы мен құмы Гренландия, Америка және т.б. елдерден табылды. БұлҚазақстанның ғана экологиялық жағдайы ғана емес, сондай-ақ, әлемдік проблема»,-деді А.Асылбеков Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында стелланың ашылусалтанатында.

Сексеуіл құмның белгілі бірмөлшерін ұстап тұра алады. Осылайша құм орнығып алып, шөлді болдырмайды.

«Бір жылдың ішінде Аралдың құрғапқалған табанында 10 мың га немесе 3,640 млн сексеуіл көшеті отырғызылды», - депқорытындылады А.Асылбеков.



Соңғы жаңалықтар