Ол Ақирек ауылдық округіне қарасты аумақта қолға алынды. Мұнда алдағы 3 жылдың ішінде 67 мың гектар алқапқа сексеуіл тұқымы себілетін болады. Сонымен қатар өңірдің экологиялық ахуалын жақсарта түсу мақсатында тағы 10 гектар қара топыраққа 25 мың түп терек, Сыр талы секілді саялы ағаштармен бірге шие мен өрік сынды жеміс ағаштарының көшеттері де отырғызылмақшы.
16:28, 31 Тамыз 2010
Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егу басталды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында теңіздің құрғаған табанына дәстүрлі күзгі сексеуіл тұқымын себу жұмыстары қайта басталды.