Арал теңізі
«ҚазАқпарат» ХАА «Тарихи фото» айдарын ұсынады. Бүгін редакция Арал теңізі жайлы айтып бермек.
1960 жылдардың өзінде Арал көлі әлемде үлкендігі бойынша төртінші орында (Каспий теңізі, Солтүстік Америкадағы Үлкен көл мен Африкадағы Виктория көлінен кейін) болатын. Оның ауқымы – 70 мың шаршы километрге жуық.
Оған Сырдария мен Әмудария келіп құятын. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ағынсыз су айдынының ұзындығы – 430 шақырым, ені 234 шақырымға созылған. Мұнда балықтың 34 түрі тіршілік етті. Оның 24-і кәсіпке жарайтын. Қазақстан мен Өзбекстан жағалауларында бірнеше балық зауыты мен кеме кәсіпорындары жұмыс істеді.
Кеңес кезінде су егістікті суару үшін жөнсіз пайдаланылып, өңірдің гидрология жүйесінің тепе-теңдігі бұзылған. Бұл жағдай Арал теңізінің құрдымға кетуіне әкелді. Тек 1980-жылдары КСРО кезінде Арал маңы тұрғындарына көмек көрсететін алғашқы бағдарламалар пайда болды. Дегенмен көлдің өзін құтқару шаралары мүлдем талқыланбады деуге болады. Тек Сібір өзендерін бұру туралы танымал жоба болды, оның өзі Одақ құлаған соң ұмытылды.
1989 жылы Арал екі суайдынға бөлініп қалды: солтүстік Кіші Арал (Қазақстан аумағы) мен оңтүстік Үлкен Арал (Өзбекстан аумағы). 2002 жылы Үлкен теңіз қысқарып, шығыс және батыс болып екіге бөлінді. 2014 жылы батыс көлі толықтай құрғап, жойылып кетті.