ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында тұрғын үйге басып кіріп, қарақшылық шабуыл жасаған екі адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 8 тамыз сағат 16:00 шамасында болған. Сол уақытта аудандық полиция бөлімнің 102 арнасына Арал қаласының тұрғыны хабарласқан.
Полицияға хабарласқан азамат өзінің мекенжайына екі бейтаныс ер адам басып кіріп, ірі көлемде ақша және ұялы телефондарын тартып алып кеткенін айтып арызданған.
Күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
«Аталған дерек Арал полициясында тіркелді. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Арал аудандық полиция бөлімінен.
Ведомство мәліметінше, күдіктілерді іздестіру бағытында жедел тергеу тобы құрылған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Аралда жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.